• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №7-1/393

425 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 сәуір,  Астана қаласы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 34) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 8 маусым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аспа – өнім сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін бөлінген ортаңғы сынаманың бір бөлігі; 2) бақылау сынамасы – зерттеуді жүргізетін зертханада сақталатын, жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкес келмеген немесе дау туған кезде қайта зерттеуге арналған ортаңғы сынаманың бір бөлігі; 3) биологиялық материал – жануарлардың ауруларына диагностика жүргізу мақсатында іріктеп алынған тірі ұлпаның бір бөлігі немесе биологиялық белсенді сұйықтық (қан, шырыш, жұлын сарысуы, өт, ірің, зәр, қи, қырындылар, биопсия әдісімен алынған материалдар және басқалары); 4) біріктірілген сынама – ортаңғы сынаманы құрастыруға арналған іріктемеден алынған нүктелі сынамалардың жиынтығы; 5) зертханалық сынама (соңғы сынама) – бақыланатын объектінің белгіленген талап­тарға сәйкестігін растау мақсатында нормативтік құжаттарда анықталған зерттеуге жолдана­тын (зертханаға жеткізілген) тестілік үлгіні жасауға арналған ортаңғы сынаманың бір бөлігі; 6) кварттау әдісі – біріктірілген сынаманы (мұқият араластырғаннан кейін) бірдей төрт бөлікке бөліп, диагональ бойынша екі ширегін алып, алғашқыдай бірнеше рет қайта төртке бөлу жолымен сынаманың мөлшерін азайтып, өнімнің зертханалық талдауға тиісті мөлшерінде ортаңғы сынаманы құрау тәсілі; 7) конверт әдісі – үйіндіде, қатарда, рет-ретімен орналастырылған көліктік ыдыстан немесе онсыз даналанған, ұнтақ күйдегі материалдардан нүктелік сынамаларды іріктеу схемасы. Көлік құралы бірлігінің, көліктік ыдыстың немесе өнім сақтайтын қойманың көлеміне байланысты өнімнің ортаңғы, төменгі және жоғарғы қабаттарынан сынаманы іріктеу үшін бір, екі немесе үш конверт әдісі қолданылады; 8) көліктік ыдыс – жеке көлік бірлігін (контейнер, қап, қорап, құты) құрайтын, өнімдерді орналастыруға арналған орама; 9) нүктелік сынама – біріктірілген сынама жасау үшін орны ауыстырылатын (тасымал­данатын) объектіден бір партиядан бір қабылдауда бір жерден алынған сынама бөлігі; 10) орама бірлігі – оралған орамамен қоса алғандағы тауардың бірлігі; 11) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырғыштарының штаммдары, жануарлардан алынатын өнім мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары; 12) ортаңғы сынама – зертханалық зерттеу өткізуге арналған біріктірілген сынаманың бір бөлігі; 13) партия – бірдей жағдайда бір өндіруші бір нормативтік құжат бойынша өндірген (дайындаған), іріктеу күні бірдей, бір ілеспе құжатпен ресімделген және бір уақытта жеткізілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) бір текті объектінің мөлшері; 14) патологиялық материал – тірі немесе өлген жануарлардан алынған, құрамында жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары бар немесе болуы мүмкін, ветеринариялық зертханаға жіберуге арналған биологиялық материал; 15) сынама – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден іріктелетін үлгі; 16) тұтынушылық ыдыс – тұтынушыға өніммен бірге жеткізілетін және жеке көлік бірлігін құрамайтын ыдыс (бөтелке, банка, пакет, стақан, брикет); 17) ыдыс – стандарттарда, техникалық шарттарда көзделген өнімді орналастыруға арналған орама элементі (жәшік, барабан, бөшке, цистерна және буып-түюдің басқа түрлері); 18) іріктеме – партияның ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар­ға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін орны ауыстырылатын (тасымал­данатын) объектіден іріктелген сынамалардың жиынтығы. 2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу тәртібі 3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материал­дың сынамаларын алу: 1) жануарлар өсіруді, жануарларды дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, өндіріс объектілерінің өндірістік ғимараттарында, аумақтарда, сондай-ақ жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда; 2) жануарлардың ауру қоздырғыштарының берілу факторлары болып табылатын ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша барлық көлік құралдарының түрлерінде; 3) ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; 4) мал айдау трассаларында, маршруттарында, тасымалдау (орын ауыстыру) маршруты өтетін жануарлардың жайылым және суару аумақтарында; 5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні өткізу, сақтау, тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық нормалардың бұзылуы белгіленген жағдайда ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары жоқ объектілерді қоспағанда); 6) ішкі сауда объектілерінде (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары бар жерлерде); 7) сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады; 8) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар кезінде; 9) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар кезінде. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу ерекшеліктері ескеріледі. 4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің және биологиялық материалдың ыдысын ашу алдында сыртынан тексерiп қарайды және олардың осы Қағидаларға сәйкестiгiн анықтайды. Зақымдалған орама бiрлiктерiнен сынама iрiктеу жүзеге асырылмайды. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың ыдысы осы Қағидаларға сәйкес болған жағдайда сынама iрiктеу мынадай кезеңдерден тұрады: 1) өнiм және шикiзат партиясының бiртектiлiгiн анықтау; 2) сұрыптау (сынама) көлемiн жасау; 3) нүктелiк сынамаларды iрiктеу және бiрiктiрiлген сынама қалыптастыру; 4) ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргiзу үшiн ортаңғы және бақылау сынамасын бөлiп алу; 5) iрiктелген сынамаларды буып-түйiп, пломбалау, мөр салу. 5. Микробиологиялық бақылау үшін сынаманы таза, стерильді ыдысқа іріктейді. Органолептикалық, физика-химиялық талдаулар үшін сынамаларды таза, құрғақ, бөгде иісі жоқ, тиісті сыйымдылығы мен пішіні бар сынамаларды талдауға дайындау үшін ыңғайлы ыдысқа іріктейді. Ыдысты қабыршақты, пластмасса немесе фольгаға оралған резеңке тығынмен немесе қақпақпен жабады. 6. Пестицидтердің, антибиотиктердің, уытты элементтердің және радионуклеидтердің, микотоксиндердің қалдық мөлшерін бақылау үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) бір объектіден көп сатылы сынамаларды іріктеу жүргізіледі. Сатылар саны орама түрімен анықталады: 1) 1-саты: көліктік ыдыс бірліктерін іріктеу (жәшіктер, қораптар, қаптар, бөшкелер); 2) 2-саты: көліктік ыдысқа салынған орама бірлігін және тұтынушы ыдысының бірлігін (пакеттерді, банкаларды) іріктеу; 3) 3-саты: орама бірлігінен (тұтынушы ыдысынан) өнімді іріктеу және біріктірілген іріктемені (сынаманы) құрау. Іріктелген іріктеме бірліктерінен нүктелік сынаманы іріктейді, жиынтық сынаманы құрайды және ортаңғы сынаманы бөліп алады. 7. Бірліктерді (үлгілерді, нүктелік сынамаларды) іріктеу мөлшері мен салмағы біріктірілген сынаманы құрастыру және одан ортаңғы сынаманы бөліп алу үшін жүргізіледі. Ортаңғы сынаманың көлемін одан бақылаушы және зертханалық сынамаларды бөліп алу үшін жеткілікті мөлшерде іріктейді. Заңның 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес өнім көрсеткіштерін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін іріктелетін ортаңғы сынаманың салмағы бақыланатын көрсеткіштердің санына және қолданылатын зерттеу әдістеріне тәуелді. 8. Жануарлардан алынатын өнімдерді іріктеуді жүргізген кезде олардың және жемшөптердің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігінің көрсеткішіне ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргізуде сынама іріктеуді жүргізетін адам осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдердегі және жемшөптегі заттардың ветеринариялық-санитариялық талаптар мен қауіпсіздік талаптарының көрсеткіштеріне зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынатын сынамалар аспаларының қажетті массасында келтірілген нормаларды, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес партиядан мал шаруашылығы өнімінің орташа сынамаларының санын іріктеу нормасын басшылыққа алады. 9. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу үшін үлгінің түріне қарай мынадай құрал-саймандар, жабдық және орама материалдары қолданылады: 1) әр түрлі пішіндегі пышақтар; 2) қайшылар, іскектер; 3) сұйық, сусымалы өнімдер үшін сүңгі тәрізді сынама алғыштар; 4) қасықтар, сүңгі, шөміш, саптыаяқ, сыйымдылығы 200 граммға дейінгі ожаулар; 5) шыны бойынша қарындаш (маркер), пастер пипеткалары, шыны түтіктер, қан сынамаларын алудың вакуумды жүйесі, саптыаяқтар, стақандар, нормативтік құжаттарға сәйкес келетін диаметрі мен ұзындығы әртүрлі металл және пластмасса құбырлар; 6) жалпы мақсаттағы зертханалық және техникалық таразылар; 7) тиісті сыйымдылығы, герметикалық жабылатын тығыны мен қақпағы бар шыны немесе синтетикалық материалдардан жасалған ыдыстар; 8) полимерлі материалдардан жасалған пакеттер, пергамент қағазы, фольга және тамақ өнімдерін буып-түю және сақтау үшін рұқсат етілген басқа орама материалдары; 9) орақ, пышақ, қалақтар; 10) қиғаш қабырғалы ағаш планкалар. 10. Өнімнің үлгісімен байланысатын орауға арналған су өткізбейтін және майға төзімді, ерімейтін және сіңірмейтін, өнімнің химиялық құрамын өзгертпейтін, оған иіс және дәм бермейтін қасиеттерге ие материал қолданылады. 11. Зерттеу үшін іріктелген сұйық сынамаларды құрғақ таза шыны немесе полиэтиленді ыдысқа немесе біржолғы түтіктерге (қан алу жүйесі), сусымалы сынамаларды тығыз полиэтиленді қаптарға орналастырады. Шыны, полиэтиленді ыдыстарды, түтіктерді, қаптарды пергамент қағазға орайды, жіппен байлайды және мөрлейді. Сынамалардың оралған үлгілерін арнайы лайықталған жәшікке орналастырады, жөнелтілетін өнімнің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қағазбен жабады. 12. Іріктелген сынамалар жылдам бұзылатын өнімдер үшін 24 сағаттан және басқалары үшін 36 сағаттан аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамаларды іріктеу актісімен (бұдан әрі – Акт) бірге ветеринариялық зертханаларға жолданады. Акт үш данада жасалады: бірінші данасы сынамалармен бірге ветеринариялық зертханаға жіберуге арналған, екіншісі сынамаларды іріктеуді жүргізген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерде қалады, сынама іріктеу актісінің үшінші данасы ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің иесіне немесе оның өкіліне беріледі. Биологиялық материал сынамаларын алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізуді ветеринария саласындағы мамандар осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша биологиялық материал түрлеріне байланысты ілеспе хаттармен (биологиялық немесе патологиялық материалдың) және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық материал сынамасын іріктеу тізімдемесін қоса отырып осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық материал сынамаларын алу (қан сынамаларын алуды қоспағанда) актісін жасай отырып жүргізеді. Қан сынамаларын алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі №16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың аса қауіпті аруларына қарсы ветеринариялық іс-шарларды жоспарлау және жүргізу қағидаларымен белгіленген нысан бойынша қан сынамаларын алу актісі жасалады. 13. Ағуына, кебуіне, ыдырауына, өзара ластануына қарсы іс-шараларды сақтай отырып, сынамалар ветеринариялық зертханаға жеткізіледі. Сынамаларды тасымалдау процесінде үлгілердің бөгде иістермен ластануын, күн сәулесінің тіке түсуін болдырмауға, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтық іс-шаралары сақталады. Жылдам бұзылғыш өнімдердің сынамалары тоңазытқыш-сөмкеге (термочемодан) салынады немесе құрғақ мұзбен қоршалады. Әр сынама үлгінің түрі, сынама массасы, сынаманы іріктеу күні мен орны, сынаманы іріктеуді жүргізген адамның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тегі мен аты-жөні көрсетілетін заттаңбамен және жапсырмамен (зерттеулердің соңына дейін сақталатын) қамтамасыз етіледі. Түтіктерде немесе сынамалары бар биологиялық материалды алуға арналған басқа жүйелерде шыны бойынша қарындаш (маркер) көмегімен қоса беріліп отырған биологиялық материал сынамаларын алу тізімдемесіне сәйкес немесе жануардың жеке номірінің штрих-кодтары бар стикер жапсыру жолымен нөмірленеді. 14. Бақылау сынамасы сол орында сынаманы іріктеу процесі барысында стерильді контейнерге пломбаланған (мөрленген) күйінде бөлінеді, ол зерттеу жүргізіп жатқан ветеринариялық зертханада сақталуы керек. Бақылау сынамасының сақталу мерзімі зерттеу жүргізіліп болғаннан кейін кемінде 14 тәулік, ал бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін үлгілер үшін зерттеу мақсатына және сараптама актісі бойынша (сынақ хаттамасы) қорытынды нәтижесін алуға байланысты үш айдан аспайды. Тез бұзылатын өнімдер үшін, бірқатар сапа көрсеткіштері мен қауіпсіздік көрсеткіштеріне (органолептикалық және микробиологиялық) арналған бақылау сынамасының сақталу мерзімі оның сақталу мерзімінен артық болмауы тиіс. 3. Қорытынды ережелер 15. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық және биологиялық материал, су, топырақ сынамаларының зертханалық зерттеулерін жүргізу аяқталған соң ветеринариялық зертханаларда олардың көрсеткіште­рінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік талаптары­на сәйкестігін айқындау мақсатында сараптама актісі (сынақ хаттамасы немесе есебі) беріледі, сыналатын үлгілер зертханалық зерттеулер жүргізгеннен кейін есептен шығаруға және кәдеге жаратуға (жоюға) жатады. Бақылау сынамасы осы сынаманың жарамдылық мерзімі аяқталған соң кәдеге жаратуға (жоюға) жатады. Сынамаларды кәдеге жаратуды ветеринариялық зертхана басшысы және мамандардың қатысуымен арнайы құрылған комиссия осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алуды жою актісін жасай отырып жүргізеді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына 1-қосымша Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу ерекшеліктері 1. Жануарлардан алынатын өнімдердің сынамаларын алу ерекшеліктері 1. Сойылатын жануарлардың барлық түрлерінің етінен (сиыр еті, қой еті, шошқа еті және үй қоянынан, құстан, балықтан басқа ауыл шаруашылығы мен кәсіптік жануарлардың барлық түрі) сынамаларды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі. Ұшалар мен жартылай ұшалардан еттің (майсыз) нүктелік сынамаларын стерильді, кесу орнын алдын-ала күйдіргеннен кейін кемінде 200 грамм тұтас кесектермен мынадай орындардың біреуінен – кесілген жерінің жанынан, жауырын маңынан, сан маңайындағы жуан бұлшық еттерден алады. Еттің балғындығын анықтаудың органолептикалық әдістерін анықтау үшін салмағы кемінде 200 грамм ортаңғы сынама бөлініп алатын біріктірілген сынама қалыптастырылады. Сынамалардың жалпы радиациялық фонын анықтау үшін дозиметриялық бақылау сынама алмай, дозиметриялық аспаптар көмегімен жүргізіледі. Радиациялық бақылаудың спектрометриялық аспаптарымен уытты заттарды, антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау үшін біріктірілген сынамадан салмағы кемінде 1 килограмм ортаңғы сынама алынады. Микробиологиялық көрсеткіштерге алдыңғы және артқы аяқтарының иілдіргіш және жазғыш бұлшық еттерінің 8х6х6 көлеміндегі бөлігін, лимфа түйіндерін тұтастай (мойын беткейіндегі және тізедегі оларды қоршаған ұлпаның қатпарынан), түтік тәрізді сүйекті (қажет болған кезде) алады, біріктірілген сынама құрастырады, зерттеу жүргізу үшін 250 грамм ортаңғы сынама бөлініп алынады. Трихинеллезге зерттеу үшін әр ұшаның диафрагма шетінен екі сынама үлгілерін, ал олар болмаған жағдайда диафрагманың қабырға бұлшық еті бөлігінен, қабырға аралық бұлшық етінен және мойын бұлшық етінен кемінде 60 грамм алынады. Мұздатылған ет блоктарынан үлгілерді салмағы кемінде 200 грамм тұтас кесектермен алады. Еттің мұздатылған блоктарының сапасына, салмағына және температурасына бақылау тексерісі үшін орама бірліктері орындарының 10 %-на іріктеу жүргізіледі, бірақ әр партиядан кемінде 10-нан орындардағы кеуде және сан бұлшық еттерінің қалыңынан температурасының шкаласы 0-ден 100оС-қа дейінгі сұйықтық термометрлермен (сынаптық емес) температурасын өлшейді. Ет комбинаттарында, сою пункттерінде, тоңазытқыштарда және уақытша сақтау қоймаларында іріктеуге ірі қара малдың 10%-дан аспайтын ұшаларын (жартылай ұшалары), қой ұшаларының 5%-ы, шошқалардың және мұздатылған және суытылған ет блоктары мен субөнімдерінің 2%-ы енгізіледі. Мұздатылған және тоңазытылған ет блоктарынан нүктелі сынамаларды да кемінде 200 грамм болатын бүтін кесектермен алады. Алынған нүктелік сынамалардан осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес партиядан мал шаруашылығы өнімінің орташа сынамаларының санын іріктеу нормаларын басшылыққа ала отырып ортаңғы сынама қалыптастырылады. 2. Жануарлардан алынатын ерітілген май партиясынан сынамаларды іріктеу үшін партияның 10 %-ын құрайтын, бірақ кемінде 5 орама бірліктерінен іріктеме жасалады. Тұтыну орамасына буып-түйілген май партиясының әр 100 бірлігінен бір-бір орама бірлігі алынады. Кесектердегі, саптаяқтардағы, банкалардағы және басқа да тұтынушы орамаларындағы бір орамадан 50 грамм мөлшерінде нүктелік сынамалар алады. Нүктелік сынамалардан осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес партиядан мал шаруашылығы өнімінің орташа сынамаларының санын іріктеу нормаларын басшылыққа ала отырып ортаңғы сынама құралады. 3. Тауық, үйрек, үй қоянының етінен сынама ұшалармен немесе жартылай ұшалармен, қаз және күрке тауықтан ширек ұшалармен алынады. Құс ұшалары сатуға жеткізілетін партиядан кездейсоқ таңдау әдісімен алынады. Нүктелік сынамалардан біріктірілген сынама құрайды, біріктірілген сынамадан осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу ерекшеліктеріне 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – Сынамаларды алу ерекшеліктері) құс, үй қояндары партиясынан іріктеу нормаларын басшылыққа ала отырып партияның ортаңғы сынамалары бөліп шығарылады. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін іріктелген қораптардан үш үлгі (ұша) алады. Органолептикалық бағалау кезінде: сыртқы түрі мен тұмсығының түсі, ауыз қуысының, көз алмасының, ұша беткейінің, кеуде-құрсақ серозды қабығының кілегей қабығы сынама алмай, сыртынан тексеріп қараумен анықталады. Құс еті сорпасының хош иістілігі мен мөлдірлігін анықтау үшін құстың 70 грамм бұлшық ет ұлпасын, үй қоянының етінен үй қоянының 25 грамм бұлшық ет кесегі алынады. Біріктірілген сынамалардан микробиологиялық көрсеткіштерге 250 грамм ортаңғы сынама алынады. Спектрометриялық құралдармен радиациялық бақылау жүргізу үшін нүктелік сынама­лар­дан біріктірілген сынама құрайды, одан кемінде 1 киллограммнан ортаңғы сынама бөліп алады. Радиациялық бақылау жүргізу үшін нүктелік сынамалардан біріктірілген сынаманы қалыптастырады, одан кемінде 1 килограмм ортаңғы сынаманы бөліп алады. Фермада сынамаларды іріктеу кезінде іріктеме көлемі тауықтар, үйректер үшін кемінде үш ұшадан және қаздар мен күрке тауықтарда кемінде үштен жартылай ұшаларды құрайды. Қояндар етінің сынамаларын іріктеу тауықтар мен үйректердің ұшаларын іріктеуге ұқсас жасалады, бірақ әрбір көліктік орамадан қоянның бір ұшасынан артық іріктемейді. 4. Сұйық бал сынамаларын іріктеуді диаметрі 10 – 12 миллиметр сынама алатын алюминий түтіктермен, қою балдан – 100 грамм нүктелі сынаманы әр түрлі қабаттардан майға арналған сүңгілермен жүргізеді. Органолептикалық көрсеткіштерге балды зертханалық зерттеу жүргізу үшін 100 грамм ортаңғы сынаманы іріктейді, радиациялық бақылау жүргізу үшін салмағы кемінде 1 килограмм болатын ортаңғы сынаманы бөліп алады, осы Сынамаларды алу ерекшеліктеріне 2-қосымшаға сәйкес балды іріктеу нормаларын басшылыққа ала отырып, бар партиясынан орама бірліктерінің іріктемесін жасайды. 5. Сынамаларын іріктеудің алдында ыдыстардағы сүтті мұқият араластырады. Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің органолептикалық, физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сапасын бақылау үшін біріктірілген сынама қалыптастыруға 250 миллилитр нүктелік сынама іріктейді, ортаңғы сынаманың көлемі 1 литрді құрайды. Уытты заттардың, антибиотиктердің қалдық мөлшерінің бар болуына радиациялық бақылау жүргізу үшін біріктірілген сынамадан салмағы кемінде 2 литр болатын ортаңғы сынама іріктеледі. Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің сапасын физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау үшін өнімнің әр партиясынан біріктірілген сынама іріктеледі. Біріктірілген сынаманың көлемі 1,5 литрден аспайды. Құтыларда шығарылатын сүт, кілегейден құтылардың 5%-ы іріктеуге жатады. Сынама іріктеу алдында сүтті піспекпен араластырады. Сынама құтының түбіне дейін түсірілетін металл түтікшемен іріктеледі. Сынама іріктеуге түскен әр құтыдан зерттелетін өніммен шайылатын таза ыдысқа ауыстырылады және араластырғаннан кейін одан көлемі 500 текше сантиметр көлемінде ортаңғы сынама іріктеп алынады. Көліктік ыдыстағы сүттің, қаймақтың партиясынан іріктеме көлемі өнімі бар көліктік ыдыс көлемінің 5 %-ын құрайды. Партияда кемінде 20 бірлік болған жағдайда бір орама бірлігі алынады. Тұтынушы ыдысындағы (бөтелкелер, пакеттер) сүт өнімдерінен сынамаларды іріктеу кезінде осы орамалар нүктелік сынамалар болып табылады. Тұтынушы ыдысындағы сүт, кілегей партиясынан іріктеме құрау кезінде біріктірілген сынаманы бөліп алу, ортаңғы сынаманы құрау үшін осы Сынамаларды алу ерекшеліктеріне 3-қосымшаға сәйкес сүт, кілегей партиясынан іріктеу нормаларын басшылыққа алады. Май, сүзбе, ірімшік, үйде дайындалған бұдан басқа ашытқы сүт өнімдерінен нүктелік сынамаларды өнімнің әр түрлі қабаттарынан: қаймақтан 100 грамм, майдан 50 грамм, сүзбе ірімшіктен – 100 грамм, сүзбеден – 50 грамм, ашыған сүт өнімдерінен – 100 миллилитр мөлшерінде іріктейді. Май, сүзбе, ірімшік, үйде дайындалған ашытқы сүт өнімдерінен нүктелік сынамаларды өнімнің әр түрлі қабаттарынан: қаймақтан, кілегейден 15 грамм, майдан 10 грамм, сүзбеден, сүзбе ірімшіктен – 20 грамм, ашыған сүт өнімдерінен – 50 миллилитр мөлшерінде іріктейді. 6. Жұмыртқаның ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін партиядан орама бірліктеріне іріктеу жүргізіледі. Партиядағы орама бірліктерінен жұмыртқа іріктемесін құрау кезінде біріктірілгенін құрау және одан ортаңғы сынамаларды іріктеу үшін осы Сынамаларды алу ерекшеліктеріне 4-қосымшаға сәйкес партиядағы орама бірліктерінен жұмыртқаны іріктеу нормаларын басшылыққа алады. Біріктірілгенін, кейіннен ортаңғы сынаманы құрау үшін осы Сынамаларды алу ерекшелік­теріне 5-қосымшаға сәйкес дана санынан жұмыртқаларды іріктеу нормалары басшылыққа алынады. Үй жұмыртқаларынан әр түрлі нүктелерден: 50-ге дейін – 4 дана, 100-ге дейін – 6 дана, 1000-ға дейін – 10 дана, 2000-ға дейін – 15 дана, 3000-ға дейін – 20 дана мөлшерінде сынама іріктеледі. Құрғақ жұмыртқа өнімдерін алу кезінде әр орама бірлігінен алынған кемінде үш-үштен нүктелік сынама іріктеледі, салмағы 200 граммнан аспайтын нүктелік сынама біріктірілген сынаманы құрайды, осы Сынамаларды алу ерекшеліктеріне 6-қосымшаға сәйкес жұмыртқа ұнтағын іріктеу нормаларын басшылыққа алып, ортаңғы сынама бөліп алынады. 7. Балық және балық өнімдерінен сынамалар партияны барынша сипаттайтын әр түрлі жерлерден алынады, іріктемеге орамдардың 10%-ы енгізіледі. Тірі, балғын, салқындатылған партияны бақылау үшін балықтың массасы бойынша 1–2% алады. Зерттеуге балықтың барлық түрлері бөлек-бөлек жатқызылады. Балықтың ұсақ даналарынан нүктелік сынамалар бүтін ұшалармен: 1) бір балықтың салмағы 100 грамға дейін болса әр орамадан 5 – 7 дана; 2) бір балықтың салмағы 1 килограмға дейін болса әр орамадағы 1 – 2 балықтан 100 грамнан 2 сынама мөлшерінде; 3) бір балықтың салмағы 1 кг-нан артық болса – 3 балықтан әр қайсысынан басынан арқа бөлігіне дейінгі ені 5 сантиметр жеке кесектер алынады, кемінде 1 килограммнан, қымбат балықтар үшін 500 граммнан аспайтын ортаңғы сынама бөліп алынады. Описторхозға зерттеу үшін әрқайсысының ені арқа бөлігінен 5 сантиметрді құрайтын жеке кесектер алынады. 8. Кептірілген және мұздатылған ұсақ асшаяндар, крильдің, кальмардың, трубачьтың біріктірілген сынамасының ортаңғы сынамасы 1 килограмнан аспауға тиіс. 9. Мұздатылған асшаяндар, крильдің, кальмардың, трубачь пен кептірілген омыртқасыздардың біріктірілген сынамасынан ортаңғы сынама 1 килограммнан аспауға тиіс. 10. Мұздатылған балықтан сынама іріктеу кезінде – 10С температураға дейін ерітеді. Салмағы 1 килограмнан аспайтын ұсақ балықты талдау үшін мүшелемей алады, ал салмағы 1 килограммнан асатын балықты ұзындығы 5 сантиметрден аспайтын немесе 200 граммнан аспайтын кесектерге бөледі. Көліктік орамалардағы балық және балық өнімдерінен біріктірілген сынама, ортаңғы сынама құрау үшін осы Сынамаларды алу ерекшеліктеріне 7-қосымшаға сәйкес балық және балық өнімдерінің көліктік орамаларын іріктеу нормаларын басшылыққа алынады. 11. Нетто салмағы 500 грамм және одан кем банкаларға салынған уылдырық үшін өнім партиясынан бес банка алынады. Әр іріктеп алынған банканың әр түрлі жерінен біріктірілген сынаманы құрайтын үш нүктелік сынама іріктеледі, одан салмағы 400 грамм ортаңғы сынама бөліп алынады. 12. Салмағы 5 килограмнан артық бактардағы уылдырықтан бір банка алынады. Әр түрлі жерлерінен нүктелік сынамалар іріктеледі олардан біріктірілген сынама, салмағы 400 грамм ортаңғы сынама құралады. 2. Жануарлардан алынатын шикізаттың сынамаларын алу ерекшеліктері 13. Сапасын анықтау үшін ішек-қарын партиясынан кемінде 2% тауарлы бірлік (буда, байлам, тізбек) алынады. 14. Бумаларға буып-түйілген жүн партиясынан 10% бума іріктеледі. Біріктірілген сынаманы әрқайсысының салмағы 50 граммнан аспайтын, әр саңылаудан қолмен алынған нүктелік сынамалардан құрайды. Біріктірілген сынамадан салмағы кемінде 1 килограмм болатын ортаңғы сынама іріктеледі. 3. Жемшөп пен жемшөп қоспаларының сынамаларын алу ерекшеліктері 15. Егер жасыл жемшөп тікелей жануарларды азықтандыруға арналса, сондай-ақ улы өсімдіктермен, нитраттармен, пестицидтердің қалдықтарымен уланғандығына күдік туған кезде жасыл жемшөп сынамаларын жайылым, шабындық, жемшөп дақылдарының учаскелерінен алады. Сынамаларды іріктеу учаскесінің кемінде 10 нүктесінен алынады. Алынған нүктелік сынамаларды мұқият араластырады, тегіс қабат және шағын будалар етіп төсейді, кейін сынамаларды біріктіреді және салмағы 2 килограмм (ботаникалық құрамын анықтау үшін және химиялық анализге), радиациялық бақылау үшін кемінде 3 килограмм ортаңғы үлгі алады. Шабындықта үлгілерді әр орудан алады. Ол үшін әр учаскеден ауданы 1–2 шаршы метр кемінде 10-нан бөлінген бөлімін бөліп алып, одан биіктіктегі жерден 5 сантиметр болатын шөп орылады. Нүктелік сынамаларды алуды шықтан кейін және күн батқанға дейін құрғақ ауа райында жүргізеді, әр бөлінген бөліміндегі шалғы жолынан кемінде 10 жерден уыстап шөп алады. 16. Шөп маяның әр түрлі деңгейінен 0,5 – 1 метр биіктіктен бастап кем дегенде 10 нүктеден алынады. Нүктелік сынаманың салмағы 200 – 250 граммды құрауы тиіс. Маяланған шөптің әр 5 тоннасынан салмағы кемінде 2 килограммнан біріктірілген сынама іріктейді. 17. Сүрлем, пішендеме сынамаларын сақтауға (консервациялау үрдісі аяқталған соң) қойғаннан кейін кемінде 1 ай өткен соң және азықтандырғанға, өткізгенге немесе басқа шаруашылықтарға сатқанға дейін кемінде 10 күнге дейін сынама іріктейді. Жануарлардың сүрлемнен немесе пішеннен улануына күдік туған жағдайда, сынаманы мұндай жағдайлар пайда болғаннан кейін тез арада алады. Нүктелік сынамаларды қабаттың бүкіл тереңінен сынама алғышпен іріктейді. Сүрлемнен сапалық талдауға сынамаларды іріктеу кезінде негізгі массадан түсі бойынша қатты өзгешеленетін үстіңгі (бүлінген) қабатын алдын ала алып тастайды және үлгіге қоспайды, улануға күдік туған жағдайда жеке алады. Әр қоймадан кем дегенде үш сынама іріктейді. Бүйір тұстары ашық траншеяларда сынамаларды іріктеу нүктелерін бір-бірінен тең арақашықтықта диагональ бойынша орналастыру ұсынылады: біреуі траншеяның ортасында және екеуі қабырғадан (шетінен) 0,5 метр шетінде және бесеуі – құрылыстардың бүйір тұстарында; бүйір тұстары бар траншеяларда – қабырғадан 0,5 метр болуға тиіс. Біріктірілген сынаманы үлдір немесе брезентке орналастырады және мұқият әрі тез араластырғаннан кейін бірнеше жерден салмағы 1 килограмм шамасында ортаңғы сынама іріктеледі. Ортаңғы үлгіні банкаларға салады, хлороформ және толуол (1:1) қоспасын қосады, және оны бірдей бөліктермен 1 килограмм массасына 5 милилитр есебімен ыдыстың түбіне, ортасына және үстіне енгізеді, тығын немесе қақпақтарымен нығыздап жабады. 18. Қоймалар мен алаңдарда 1,5 метрге дейінгі биіктікте сақталатын бидайдан, арпадан, сұлы жармасынан нүктелік сынамалар бұрап кигізілетін штангалары бар қолдық қуыс бұрғымен алынады. Үйіндінің үстіңгі қабатын секцияларға бөледі (әрқайсысы шамамен 200 м2). Сынамаларды қойма қабырғасынан (алаң шетінен) және секцияның шекарасынан 1 метр қашықтықтан алты нүктеден бір-бірінен бірдей қашықтықтан алады. Партиядағы астық аз болғанда 100 метрге дейінгі алаңда партияның бетіндегі төрт нүктеден нүктелік сынамалар алуға жол беріледі. Нүктелік сынамалар үйіндінің жоғарғы беткейінен 10 – 15 сантиметр тереңдіктегі қабатынан, ортаңғы және төменгі қабаттарынан іріктеледі. Ортаңғы сынама кемінде 2 килограммнан, салмағы кемінде 100 грамм болатын 20-дан нүктелі сынама іріктеледі. Егер келісімшартта арнайы ескертпе болмаса, нүктелік сынамалар әрбір тиелген вагондардан немесе автопойыздан, 3,5 метрлік ұзындықтағы шонақтан (тіркемеден) салмағы кемінде 1 килограмнан төрт нүктеден, 3,5-нан 4,5 метрліктен салмағы кемінде 1,5 килограмнан алты нүктеден, 4,5-нан және одан көп метрліктен салмағы кемінде 2 килограмнан сегіз нүктеден іріктеледі. Әрбір топтамадан кемінде 2 килограмнан ортаңғы сынаманы бөліп шығарады. Вагондарға, кемеге өнімді тиегенде (түсіргенде) тік түсетін ағыстың өзгеретін жерлерінде қиылыстыру жолымен тең уақыт аралығында ожау немесе автоматты сынама алғышпен, бұл ретте өнімнің жылдамдығы негізінде әрбір тоннаға 100 грамм есебінен, партиядан кемінде 2 килограммнан алады. Тігілген қаптардан нүктелік сынамаларды қаптың қол жетімді үш нүктесінен қап тәрізді сүңгімен алады. Сүңгіні қаптың жіптерін жылжытып, науасын төмен қаратып, қаптың ортаңғы бөлігіне бағыттап енгізеді. Пайда болған тесікті сүңгінің ұшымен крест тәрізді әрекетпен бітейді. Ортаңғы сынаманың жалпы салмағы-кемінде 2 килограмм. 19. Үйінді түрінде сақталатын немесе жеткізіліп берілетін құнарландырылған жемшөп партиясынан нүктелік сынамалар ожау немесе конусты сүңгімен шахмат тәртібімен әр түрлі (үстіңгі, ортаңғы, төменгі) қабаттардан іріктеледі. Нүктелік сынамаларды біріктіреді, мұқият араластырады және салмағы кемінде 2 килограммнан біріктірілген сынама іріктеледі. 20. Сығындыдан, шроттан нүктелік сынамаларды іріктеу кезінде өнімді вагондарға, автокөлікке, кемеге тиеу (түсіру) кезінде тік түсетін ағыстың өзгеретін жерлерінде қиылыстыру жолымен тең уақыт аралығынан кейін ожау немесе автоматты сынама алғышпен іріктеледі. Нүктелік сынамаларды алу мерзімділігін белгілеу өнімнің жылдамдығы негізінде әрбір тоннаға 100 грамм есебінен, партиядан кемінде 2 килограмм болуға тиіс. Қоймаларда үйінді түрінде сақталатын сығындыдан, шроттан нүктелік сынамаларды конусты сүңгімен күнжара үшін әр 1 шаршы метрден кейін және шроттар үшін әр 2 шаршы метрден кейін шахматты тәртіппен үстіңгі, ортаңғы және төменгі қабаттарынан іріктейді. Іріктелген нүктелі сынамаларды таза ыдысқа төгеді, мұқият араластырады және біріктірілген сынама іріктейді. Өнімнің ортаңғы сынамасын біріктірілген сынамадан кварттау жолымен қолмен бөліп алады. Партиядан сынаманың ортақ салмағы 2 килограммнан кем болмауға тиіс. 21. Ұнтақ тәрізді және ұсақ кристалды минералды заттардың, карбамидтің, фосфатты жемшөп қоспаларының ортаңғы үлгілерін іріктеуді астық және ұн тәрізді жемшөптерден сынамалар іріктеуге ұқсас әртүрлі жерлерден сүңгімен жүргізеді. Ортаңғы үлгіні 2 килограммға тең етіп жасайды. Құрама жемдер, шөп ұны, ағаш жапырағының ұны, кебек, жарма, жемшөп ашытқысы, паприн, эприн және басқа да ақуыз жемшөптері. Қоймаларда, шаруашылықтарда даналанған және түйіршіктелген жемшөптен нүктелік сынамаларды вагондық немесе қамбалық сүңгімен, ол болмаған жағдайда, әрқайсысы 4-5 шаршы метр алаңды ш